[Verse 1]
Жарық түн, жарық түн!
Жарықтығы осындай ма тамұқтың,
Жұлдыз болып ағып түскен аспаннан
Сенің ғана көз жасыңа қанықпын
Жұлдыз болып ағып түскен аспаннан
Сенің ғана көз жасыңа қанықпын
[Chorus]
Екеуміз, екеуміз!
Неге сонша махаббатқа бөтенбіз?
Жүрегінің тындамайтын ақылын,
Жер бетінің ақымағы екенбіз
[Verse 2]
Көк аспан, көк аспан!
Бір басыма, бақ та, сор да таласқан
Сынық айдың сәулесіндей үмітпен,
Тағдырымды іздеп жүрмін адасқан.
Сынық айдың сәулесіндей үмітпен,
Тағдырымды іздеп жүрмін адасқан.
[Chorus]
Екеуміз, екеуміз!
Неге сонша махаббатқа бөтенбіз?
Жүрегінің тындамайтын ақылын,
Жер бетінің ақымағы екенбіз
[Bridge]
Сынық айдың сәулесіндей үмітпен,
Тағдырымды іздеп жүрмін адасқан.
[Chorus]
Екеуміз, екеуміз!
Неге сонша махаббатқа бөтенбіз?
Жүрегінің тындамайтын ақылын,
Жер бетінің ақымағы екенбіз